Кәсіпкер Бағдаулет Құдайқұл мүмкіндігі шектеулі курьерге мотоцикл алып берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ер азаматтың жұмысқа бейім екенін, жұмыс жоқ деген сылтаудың жоқ екенін дәлелдеп бердің. Саған қолымнан келгенше көмектесемін. Өзімнің ер-азаматтық парызымды орындаймын. Менен көп адам көмек сұрайды, бірақ олардың он екі мүшесі сау. Сенде кешірігім сынақ болса да, жұмыстан талмай жатсың»,—деді ол.
Бұған дейін 25 жастағы Бексұлтан Молтаев әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті еткен еді. Көпшілік оның еңбекқорлығына сүйсініп, жылы тілектерін жаударды.