Қазақстандық Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінде өнер көрсеткеннен кейін жеке рекордына қол жеткізді. 23 жастағы теннисші WTA-ның жаңартылған ресми рейтингінде 3-ші орынға шықты, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Бұған дейін қазақстандық ойыншы Live рейтингінің үздік үштігіне көтерілді, ал негізгі бәсекелестердің кетуі Рыбакинаның рекордтық көрсеткішіне әкелді.
Франциялық Кэролайн Гарсиа мен америкалық Джессика Пегула жекпе-жектен бірінші болып сенсациялы түрде ұшып кетті, ал бүгін, 7 маусымда «Үлкен дулыға» турнирінде тунистік Онс Джабер жеңіліске ұшырады.
Африкалық теннисші Париждегі турнирде жеңіске жеткен болса, қазақстандық спортшыны басып озуы мүмкін еді, бірақ жартылай финалда Джабер бразилиялық Беатрис Хаддад Майядан жеңіліп қалды.