ҰҚК Қаңтар оқиғасында “ұрланған” қару жайлы айтты

2517
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ютуб платформасындағы ресми парақшасында ресми өкіл мәлемдеме жасады, деп жазады "Адырна". 

ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали "Қаңтар" оқиғасы кезінде ұрланған қару жайлы айтты.

"2023 жылғы сәуір және мамыр айларында ҰҚК полициямен бірге сонымен қатар прокуратура органдарымен әрекеттесе отырып, қарудың заңсыз айналымына қатысты бірқатар іздестіру іс шараларын жүргізді. Оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандары да бар. Нәтижесінде 42 бірлік қару, 8 граната, РПГ-2 снаряды, 4051 түрлі колибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары радиостанциялар және пышақтар тәркіленді" делінді мәлімдемеде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер