Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

6571
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/f3280328-2054-42d5-bbb5-fae019de48a5.jpeg
Қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ол ұзындыққа секіруде 5 м 90 см нәтижемен үшінші орынға табан тіреді. Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық Хуан Иньинь жеңіп алса, күміс үнді спортшысы Сусмитке бұйырды. Айта кетейік, Анастасия Рыпакова — Олимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакованың қызы.
Комментарии