Антикор Мұхамедиұлының үстінен жала жабу фактісі бойынша тергеу бастамақшы

2553
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемоқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамадиұлына қатысты іс бойынша жала жабу фактісімен сотқа дейінгі тергеуді бастамақшы, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кейбір БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді. Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді»,—деп түсіндірді Антикордың баспасөз қызметі.

Басқарма «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталғанын атап өтті.

«Осыған байланысты, Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілді. Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешілуде. Азаматтардан тек ресми көздерден алынған объективті деректерге сенуді сұраймыз»,—деді Сыбайлас жемоқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Пікірлер