Елордалықтар жарты жылдан бері су тапшылығының зардабын шегуде. Әкімдік әлі сұратылған сауалға жауап бермей жүр, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлы мәжіліс отырысында баяндады.
2022 жылдың мамыр айында Астанадағы үшінші сорғы-сүзгі станциясының құрылысы басталған болатын. Депутаттың айтуынша, су тапшылығы мәселесі аймақта орын алғалы жарты жыл көлемі болады. Бұл мәселе әкімдік берген жауапта биылғы жылдың соңында құрылыстың аяқталуымен бірге шешімін табады делінген. Бірақ болжамның нақты немесе нақты еместігі жауапсыз қалған.
Сондай-ақ, қала тұрғындарын жылу жетіспеушілігі де күтіп тұрғаны мәлім болды. Аталған мәселелерге қатысты депутаттың мәжілісте қойған сауалына Астана әкімдігі қысқа жауап берді.
"Мәселе қарастырылып жатыр. Ресми жауап береміз" деді.