Алматыда шетелдікті кеудесінен итеріп жіберген полицейдің ісі қаралуда (ВИДЕО)

8431
Adyrna.kz Telegram

Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді дөрекі түрде итеріп жіберді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында резонанс тудыруда. Кадрда полицейдің полиция көлігінің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше әйел оған мұрша бермей жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың біріне дөрекі күш қолданады. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік әйелдер кейін адвокат жалдаған.

Ведомство тергеу амалдарын бастап кеткенін айтты.

"Аталған факті бойынша қызметтік тексеру басталды. Полиция қызметкерінің әрекетіне дөрекі қатынас жасағаны үшін департамент басшылығы барынша әділ баға береді", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ALMATY | ASTANA 🇰🇿 (@megapolis.kz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер