Таиландқа демалуға кеткен қазақстандық Артур Ысқақов көз жұмды, деп жазады "Адырна".
24 жастағы жігіттің жан тапсырғаны туралы әпкесі әлеуметтік желіде айтты. Қазақстандық есін жимай, қаза тапты.
"Артур енді бізбен бірге емес", – деп жазды қыз.
Артурдың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
Марқұм өзінің суға батып бара жатқан жұбайын құтқармақ болған. Ауыр жағдайда емханаға жеткізіліп, есін жимастан көз жұмды.