Жерлеріңізді қайтарып алыңыздар. Ресейлік азамат Қазақстанға үндеу жасады

9026
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Астрахань тұрғынының үндеуі жазылған бейнеролик тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Видеода тұрғын Астраханьда «туып-өстім» деген азамат Қазақстанға және осындағы «қазақ бауырларына» үндеу тастады.

Қазіргі оқиғаларға байланысты сіздерге үлкен өтінішім бар. Қазір Белгород облысында не болып жатқанын бәріңіз білесіздер. Халқымыз оянып, өз аумақтарын Путиннің бейбақтарынан, басқыншыларынан, фашистерінен азат етуге кірісті. енді сіздер де тарихи жердеріңізді біздің барлық жерімізді ойрандап, қарттарымыз бен балаларымыз әбден тоз-тоз болып өмір сүруі үшін бәрін жасаған Путиннің фашистік билігінен босатыңыз, - деді ол.

Видеодағы азамат Қазақстанға тарихи жерлерін «қайтарып алу» керек деп есептейді.

Астрахан – қазақтың туған жері. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жерлеріңізді қайтарып алыңыздар және азаматтарымыздың қалыпты үкімет жағдайында өмір сүруіне мүмкіндік жасаңыздар, - деп қосты ол.

 

Пікірлер