Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

3237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/a499c90e-c2f1-4963-976d-492d4a4a2732.jpeg

Бүгін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында атаулы күн ретінде мәңгі есте сақталады.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер - Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу - парыз.

Комментарии