Ресей, Украина, Беларусь шекарасындағы жойқын жарылыстың видеосы тарады

1982
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Ресей, Украина, Беларусь шекарасындағы жойқын жарылыстың видеосы тарады. Жарылыстың "3 әпкелі-cіңлілі" ескерткішінің тап алдында болғаны байқалады. Жарылыс салдарынан тұмса табиғатқа орасан зор нұқсан келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ресей қарулы күштері Ресей, Беларусь және Украина шекарасындағы бақылау бекетінде болған жарылысты сөз етті. "Үш әпкелі-сіңлілі" монументінің жанында үлкен жарылыс туралы бейнежазбаны әлеуметтік желілер мен медиа арналарында жариялады.

Олардың айтуынша, ескерткіш аймағындағы жол Украинаның диверсиялық-барлау топтарының енуіне жол бермеу үшін қопарылып, "күлі көкке ұшқан".

Бейнедеректің нақты қашан түсірілгені белгісіз. Ресей мен Украина билігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер