Маңғыстау облысы, Қарақиян ауданының мектеп бітіруші түлегі аймақта ең жоғары балды жинағанына қарамастан апелляцияға өтініш берді. Нәтижеге көңілі толмаған оқушыны тестілеу сұрақтарына күмән келтіріп, шағым түсірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті lada.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша алғашқы көрсеткіштер жарияланды. Талапкерлер арасында Қарақиян ауданының мектеп бітіруші түлегі Айдос Батыржанұлы ең жоғары балл жинаған. Ол 140 баллдық көрсеткіштің 134-не дұрыс жауап берді. ДегенменНовости по теме
“Облыс бойынша тест тапсырғандар арасында ең жоғары балл жиған Қарақиян ауданының мектеп бітірушісі апелляцияға өтініш берді. Жас түлек нәтиженің дұрыс шықпағанын айтып, өзі белгілеген тест сұрақтары бойынша нақты дәлелдерін келтірмекші. Енді сол өтініш бойынша тексеру қорытындысы 30 күннен кейін жарияланады”, - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасы ақпаратында.
"Адырна" ұлттық порталы
мектеп бітіруші түлектер
ҰБТ
Маңғыстау облысы
жас қазақстандық
#түлектер
жас түлек
ұбт сынағы
қазақстан білімі
білім бәйгесі
талапкерлер