Илон Маск Twitter атауын өзгерткісі келетінін айтты

2274
Adyrna.kz Telegram

Twitter иесі Илон Маск әлеуметтік желіге ребрендинг жасау жоспарын растады, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

T(w)itter Daily News порталы Twitter-дегі аккаунтында Масктың жаңа мәлімдемесі бар жазбаны жариялады. Онда бизнесмен Twitter-ді болашақта оның функционалдығы кеңеюіне байланысты атауының өзгертілуі мүмкін екендігін жазды.

Сондай-ақ ол X платформасындағы ескі Twitter-мен салыстырғанда ұзағырақ посттар, бейнелер жариялауға, хабарлама алмасуға және қаржылық қызметтерді пайдалануға болатынын айтты.

 

Пікірлер