500 миллион теңге. «Қазақтелеком» АҚ басшыларына берілген сыйақы сомасы айтылды

3097
Adyrna.kz Telegram

"Қазақтелеком" АҚ басқарма және директорлар кеңесі мүшелері сыйақы ретінде 500 миллион теңгеден аса қаражат алғандары айтылды, деп жазады "Адырна" QazTrading телеграм арнасына сілтеме жасап. 

QazTrading телеграм арнасы "Қазақтелеком" АҚ қатысты хабарлама жариялады. Онда басқарма басшыларының жарты миллиардқа жуық сыйақы алып, компания мүшелерінің 2010 жылдан бері ауыспағаны айтылды.

Сондай-ақ, олар «Қазақтелеком» АҚ-ның 1997 жылдың қазанынан бастап KASE листингінің 25 жылдық тарихы бар ашық компания екенін жазды. Дивиденд төлемдерінің өсуі арқылы акционерлерге капиталды қайтаруға барлық мүмкіндігі бар жетілген компания екенін де қосты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер