Атырау облысында мектеп түлектері соңғы қоңырау рәсімінен кейін жол апатына ұшырады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің инста парақшасында хабарлады.
Мәлімдемеге сүйенсек, Атырау облысындағы түлектер соңғы қоңыраудан кейінгі серуенде көлікпен шығып, терезеден белуардан шыққан. Қатты жылдамдықтан көлік апатқа ұшырап, бірнеше түлек жарақат алған.
"Жыл сайын қанша рет ескертсек те, мектеп бітірушілер соңғы қоңырау күні бір жайсыздыққа ұрынады.
Кеше Жаңаөзендік қыз-жігіттер көлік терезесінен белуардан шығып, бір ажалдан аман қалып еді.
Бүгін Атырау облысында мектеп бітіруші лықа толған қос көлік апатқа ұшырады. Есінен танып жарақаттанған 2 адам ауруханаға жеткізілді" деп жазды автор.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Адырна" ұлттық порталы