Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия астанасына барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлады ”Адырна” ұлттық порталы.
Биыл 3 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады.
Осы күні Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады, - деп жазылған хабарламада.