Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мемлекетке елшілерді тағайындады

1494
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 18 наурызда, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекетке елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне

Бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Швеция королдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне,

тағайындалды», - делінеді хабарламада.

 

Пікірлер