Депутат Ертіс өзенінің сарқылған жайын айтып Экология министрлігіне шүйлікті

1861
Adyrna.kz Telegram
ҚР Мәжілісінің депутаты Амантай Жарқынбек Ертіс өзенінің жайын айтып, Үкімет тарапынан мартымды жұмыс атқарылмағанын сынға алды. Өзеннің көктемгі тасу деңгейі биылдыққа төмен болған. Депутаттың айтуынша, мұның салдарынан мыңдаған тұрғын күзде жем-шөпсіз қалуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
ҚР Мәжілісінің депутаты Амантай Жарқынбек көктемге Ертіс өзенінің арыны басылып, арнасынан аспай қалғанын айтты. Салдарынан солтүстік өңір тұрғындары жем-шөпсіз қалуы мүмкін.
- Еліміздегі ең ірі су жайылма аумағы саналатын Ертіс өзенінің Павлодар облысы аймағында көктемгі өзеннің тасу деңгейі биыл өте төмен болды.
Мұның салдарынан мыңдаған тұрғын күзде жем-шөпсіз қалуы мүмкін.
Бізге алаңдап қоңырау шалған тұрғындар көп. Сәуір айының аяғында Экология министрлігіне жедел шешім қабылдауын сұрап бірнеше павлодарлық депутаттармен бірге хат жолдаған едік. Бірақ мардымды жауап пен шешім болмады.
Сондықтан бүгін Үкіметке және еліміздің Бас прокурорына осы салаға тексеріс ұйымдастыруын сұрап депутаттық сауал жолдадық.
Негізі мақсат - келер жылы мұндай жауапсыздықтың қайталанбауын қадағалау! - деді депутат.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер