Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді

2245
Adyrna.kz Telegram

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаменті мәлімдеме жасады. Департамент қаладағы полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісін пара алды деген күдікпен тергеу үстінде. Олардың 500 мың теңге көлемінде пара алып, белгілі бір топтың жазадан сытылып кетуіне жол ашқаны айтылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер алдын ала сөз байласып, қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Олар осы әрекеті арқылы қылмысқа ілінгені тұрған адамдардың сытылып кетуіне жол ашпақ болғаны айтылды.

Қазіргі уақытта күдіктілер жасаған қылмысын мойындады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

Пікірлер