«Қазақфильм» киностудиясының аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. Видео Kozachkov offside Telegram каналында пайда болды.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, киностудия аумағындағы өрт бүгін сағат 12-22-де басталған.
“Алдын ала мәліметтер бойынша 10 шаршы метр аумақта декорация жасайтын ағаш шеберханасының жұмыс үстелі, құралдар мен терезе ойықтары өртенді. Өрт 12-40-та оқшауланып, 12-42-де жойылды” деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті. Ғимарат темірбетонды, таралу қаупі жоқ, деп қосты департамент.Посмотреть эту публикацию в Instagram