Алматы облысында жеті мыңнан астам отбасы АӘК алды

709
Adyrna.kz Telegram
horoscopes.rambler.ru
horoscopes.rambler.ru

Айлық табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек беру әлі күнге жалғасын табуда. Қазіргі таңда аталмыш жәрдемақыны Алматы облысында 7252 отбасы алды.

Биыл дәл осы бағытта бюджеттен  65,9 мың адамға  5,2 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні 1530,2 млн. теңгесі игеріліп үлгерді.

Соның ішінде, үстіміздегі жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасты қоса алғанға дейінгі 13240 балаға 596,8 млн. теңге қарастырылғанын атап өткен абзал.

Соңғы деректерге сүйенсек, 1 мамырдағы жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12605 балаға  189,8 млн. теңге көлемінде қосымша төлем төленді.

Пікірлер