Оңтүстік Кореяда әуедегі ұшақтың есігін ашып жіберген жолаушының тұтқындалғаны айтылды

1877
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяда әуесінде қалықтаған Asiana Airlines ұшағының есігін айқара ашып жіберген жолаушының тұтқындалғаны хабарлады. Жолаушы өзінің "адам айтса, нанғысыз" ісін аңдаусызда болған әрекет деп ақталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.   

Ұшақ ішінде 190-нан астам жолаушы болған. Әуеден ескен ауа қысымынан көңілі алабұртып, зәресі ұшқан жолаушылар "естен кетпес" оқиғаны бастан кешірді. Есік жолаушының әрекеті нәтижесінде 200 метр биіктікте айқара ашылған.

Ұшақ қауіпсіз жерге қонса да, оқиғадан үрейленген бірнеше жолаушының есінен танып қалғаны анықталды.  Ал кейбір жолаушылардың тынысы тарылып, шұғыл жағдайда ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Ұшу кезінде есікті ашып жіберген жолаушы қазір қамауға алынды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер