«Шарбақты» шекарасында екі балалы әйел тас еденде түнеген

2154
Adyrna.kz Telegram

Моңғолиядан Қазақ Еліне екі сәбиімен келе жатқан Жансая Бақытхан есімді келіншек Павлодар мен Ресей шекарасындағы «Шарбақты» бекетінде себепсіз тосқауылға жолыққан.

Келіншек негізі Қазақстан азаматтығын алу үшін қолындағы Монғолия паспортын жаңартуға барып, шекарадан өте алмай, ақыры Монғолияның өзін 2017 жылы азаматтықтан шығарып тастағаны туралы анықтамасын алып, кері қайтқан. Шекарашылардың тапқан кінәсі «Ұзартылған паспортпен өткізбейміз. Монғолия паспортын жаңалап кел» деген.

Қолындағы құжаты 2019 жылдың тамызына дейін жарамды болған соң Ресей жағы бері қарай кедергісіз жіберген.

Емшектегі жеті айлық баласы мен екі жасар сәбиін ерткен келіншек Шарбақты кеден бекетінің тас еденінде түнепті. Жансаяның айтуынша шекарашылар «Бүгін кешке Ресейге қарай салып жібереміз, онан кейін қайда баратыныңды біз білмейміз» деп қорқытқан.

Осы іске байланысты «Отандастар» қорының «Байланыс бөлімі» қызметкерлері шұғыл қимылдап, көші-қонға, шекара бекеттеріне жауапты адамдарға хабарласып, 4 сағат мөлшерінде мәселені реттеді.

Жас ана қазір шекарадан толық өтіп, Павлодардан келетін көлікті күтіп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер