Илон Маск адам миына чип салуға рұқсат алды

3331
Adyrna.kz Telegram

Белгілі кәсіпкер Илон Маск басқаратын Neuralink энергетикалық технологиялық компаниясы адамның миына чип енгізу үшін клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз адамдарға алғашқы клиникалық сынақты бастау үшін FDA (Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) мақұлдауын алғанымызды мәлімдеуге қуаныштымыз. »- деді компания Twitter-де.

Еске сала кетейік, өткен жылы Neuralink адам миына чип салу сынақтарын 2023 жылы бастайтындарын айтқан еді. Компания операцияның шамамен бір сағатқа созылатынын хабарлады. Айтуларынша, арнайы робот бас сүйегіне тесік жасап, чипті имплантациялайды.

Миға арналған чиптерді әзірлейтін Neuralink стартапын Илон Маск 2017 жылы ашты.

«Бұл өнертабыс мүмкіндігі шектеулі жандардың басқалармен араласуына және аяқ-қолдарының қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді»,—дейді кәсіпкер.

Пікірлер