Айгүл Орынбек: Кім ақымақ? Халық па? Үкімет пе?

2408
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік министрлікті құлдырауға алып келген адам, экономиканы қатырады деп кім айтты сендерге?

"16 мың теңге жетеді"- деп Американы ашқан министр, басқа орынға қайта келіпті.
Үкіметтің тарағанынан не пайда?
Басы істемейтін үкіметшілер қайта орындарын тауып жатса!?
Кім ақымақ? Халық па? Үкімет пе?
Айналайындар ау! Бұрын сендердің Санта-барбараларыңды, бітпейтін бағдарламаларыңды тыңдай беретін едік.
Қәзір тойдық! Тойғандығымыз соншалықты жерінгендігімізден құсып жатырмыз!
Қоғамды тыңдамасаңдар, бір төңкеріс болатыны анық!
Естеріңді жиыңдар!
Халықты ашуландыра бермей, ұлт үшін жұмыс істейтін азаматтарға орындарыңды беріңдер!
Экономикамыз онсызда ақсап тұр! Миллиардтаған қарыз әрбір азаматтың мойнында!
Халықтың ашуы басылмай жатып, неге бұған қызмет бересіңдер?!
Әлеуметтікті қатырмаған адам, экономиканы қатырмайды!
Енді "Әр қазаққа 16 теңге жетеді"-деп жаңалық ашпасына кім кепіл?!

Пікірлер