Мирзиёев пен Рахмон сырттан тамашалайтын отырыс. Президент Тоқаев Кремльге барды

2078
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан президентімен қатар, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қатысады.

Одан бөлек, бейне байланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Ресей мен Беларусь одақтық мемлекеттері туралы айтқан.

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құрамындағы Ресей мен Беларусьтін орны ерекше екенін айта келіп, бұл ұйымда Қазақстан, Қырғызстан және Армения сияқты интеграцияның басқа деңгейіндегі мемлекеттер де барын еске салды. 

Біз назарға алуымыз керек концептуалды шындық немесе ерекшелік бар - бұл Беларусь пен Ресейден тұратын Одақ. Бұл одақтың тұжырымдамалық және идеологиялық негізі айтарлықтай салмақты. Бұл қоғам мойындаған өзара мәдени, тілдік, діни бірегейлік. Яғни бір халықтың бар екенін мойындау, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Ресей мен Беларусьтің ЕАЭО аясындағы одақтастығы әлем тарихында болмаған тәжірибені туындатып отырғанын айтты. 

Пікірлер