ШҚО-да жеті жыл бұрын басталған жол құрылысы тағы екі жылға созылуы мүмкін

1802
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында жеті жылдан бері 32 шақырымдық айналма жолдың құрылысын аяқтай алмай жүр, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме сонау 2017 жылы республикалық маңызы бар жолға жөндеу жұмыстары басталған Катонқарағай ауданы туралы болып отыр. Бұл Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары бағыты бойынша орналасқан жол. Жұмыс басталғалы жұмысшылар жолдың небәрі 16 шақырымын, атап айтқанда 56 шақырымнан 72 шақырымға дейінгі аралықты жөндеп үлгерді. Әлі де көп нәрсе істеу керектігі айтылды.

Жаңа тендердің жеңімпазы «Құрылыс Групп РК» атанды. Тағы 16 шақырым жол салуға 12 миллиард теңге бөлініп отыр. Дегенмен, бұл тағы екі жылға созылатын жұмыс.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер