Доллардың теңгеге шаққандағы құнының төмендеуі жалғасуда, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,18 теңгеге төмендеп, 441,74 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы бір долларға 445,12 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 442,51 теңге, сату – 445,19 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,00 теңгеден сатып алынып, 445,17 теңгеден сатылуда.
"Адырна" ұлттық порталы