БАУЫРЖАН КАРИПОВ: Бізде оппозицияда жүріп, кейін билікке болысып, депутат боп кеткендерді, мемқызметке барғандарды сатқын деп, бірден “қазақтың жауына” айналдырып алады.

2609
Adyrna.kz Telegram
Фото: Associated Press
Фото: Associated Press
Бізде оппозицияда жүріп, кейін билікке болысып, депутат боп кеткендерді, мемқызметке барғандарды сатқын деп, бірден “қазақтың жауына” айналдырып алады.
Жау дейтіндей өзге мемлекетті қолдап кеткен жоқ қой, өз мемлекеті, өзінің үкіметі.
Мысалы, Түркияда сонау 2016 жылдан бері оппозицияда жүрген, партиясынан (ұлтшылдар) қуылған, референдумға қарсы шыққан саясаткер Синан Оған 2-турда Ердоғанды қолдайтынын мәлім етті. 5,5 пайыз. 49+5=54
И что?
Ердоған президент болса, Үкіметтен орын береді. Бір министрлікті басқаруы мүмкін-ақ. “Жесткий торг” болған секілді.
Бір жақ “сатылды” десе, екінші жақ “мемлекеттік мүдде” дейді.
Біз кейде билікке ренжиміз деп жүріп, мүддені ұмытып кететін сияқтымыз.
Ердоғанның мықтылығы неде? Ердоғанның бүгінге дейін ит терісін басына қаптағандарды шақырып алып, материалдық жағдайын жасап, жоғары лауазымды қызмет ұсынған оппоненттері көп. Серікжан Есенғосұлының кандидаты
Синан Оған да соның біріне айналды десек болады.
Ердоған осы сайлауда күрдтердің радикал тобымен коалиция құрып, керісінше оппозицияны терористермен бірігіп алды деп айыптап, ұлтшылдардың дауысын алды. Саясаттың сиқыры дерсің. Синан Оған да ұлтшыл.
Оппозиция шанс қалмаған секілді.
Пікірлер