2023 жылы Жамбыл облысында құрылыс объектілеріне 22 770 030 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды

1524
Adyrna.kz Telegram

«2023 жылы 47 (2022 жылы 26) құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 79 (2022 жылы 36) әкімшілік іс қозғалып, 22 770 030 теңгеге (2022 жылы 8 879 664 теңгеге) әкімшілік айыппұл салынды.» Осылай деп, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы  Бисембаев Қайрат Аширалыұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты.  

«Басқармамен Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысына тексеру жүргізіліп, нысанының бас мердігері «ЕрК Астана» ЖШС-не әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен        (1 380 000 теңге әкімшілік айыппұл салынып), лицензиясынан айырды (сот шешімі заңды күшіне енді). Сонымен қатар, 4 техникалық қадағалаушының (А.Бозжигитов («DACO Инжиниринг» ЖШС), Н.Кансеитовтің («НеоГеоСтройпроект» ЖШС), Б.Исабаев («ЗКА Проект» ЖШС) және Ү.Жақсыбай («ЗКА Проект» ЖШС)) аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Жалпы тексерудің 4 түрі бар:

Тексерудің бірінші түрі жоспарлы тексеру. Ол 2015 жылдан бастап тоқтаған. Екінші түрі жоспардан тыс тексеру. Бұл келіп түскен арыз-шағымдар, мемлекеттік органдардың хаттары мен прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде жүргізілетін тексеру. Түскен матералдарда адамның өміріне, қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты фактілері болуы қажет.  Тексерудің үшінші түрі Бақылаудың өзге де нысаны. Ол 2018 жылдың 24 мамырынан тоқтатылған. Тексерудің төртінші түрі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексеру. Тексерудің бұл түрі Кәсіпкерлік кодексінде 2023 жылдың 1 қаңтарында болған өзгерістерге сәйкес енгізілген тексерудің жаңа түрі. Тексеру тәуекелдерді бағалау өлшемшарттары негізінде қалыптастырылатын графикке сәйкес жүргізіледі.Басқарма өз құзіреті шегінде тек бақылау жүргізіп қана қоймай, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды да қарқынды іске асыруда,- дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ Қайрат Бисембаев бүгінгі күнде облыста құрылыс жұмыстарының қарқыны өскенін де атап өтті. Облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 370 нысанның               (2022 ж. — 603, о.і. 291 мемлекеттік бюджет есебінен, 312 жеке қаражат есебінен), 259-ы мемлекеттік бюджет есебінен (224 – өтпелі; 35 – жаңа), ал қалған 111-і жеке қаражат есебінен екен.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер