Бір ғасырдан соң Мұстафа Шоқайдың үш мөрі Қазақ еліне оралды

3181
Adyrna.kz Telegram
 Бұл ел тарихында маңызды күн. Бір ғасырдан соң Мұстафа Шоқайдың үш мөрі еліне оралды. Қайраткердің үш мөрі Астанадағы 51-ші Мұстафа Шоқай атындағы мектебінің музейіне 19-ші мамыр күні тапсырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ғалым Әлия Сағымбаеваның парақшасына сілтеме көрсете отырып. 
Қуанышты жаңалықты ғалым Әлия Сағымбаева сүйіншіледі.
- 1921-1941 жылдары Шоқай қолданған мөрді зайыбы Мария 1947 жылы рухани баласы Әлім Алматқа аманаттаған. Әлім Алмат Түркияда 40 жыл сақтап, қартайған соң, 1997 жылы шоқайзерттеуші Бақыт Садықова апамызға берген. Бақыт Садықова апамыз сол жәдігерлерді 26 жыл көзінің қарасындай сақтап, 2023 жылы сәуір айында Шоқай ұрпағы Гүлбаршын Зайыроваға тапсырды. Гүлбаршын бабасының үш мөрін ресми түрде мектеп музейіне табыстады, - деп жазды ғалым.
Мөрді салтанатты түрде тапсыру жиынына «Мұстафа Шоқай» зерттеу еңбегінің авторы, Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, шоқайтанушы Әбдіуақап Қара, қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Әбдіжәлел Бәкір, журналист, PhD  докторы Алма Сайлауқызы, қоғам қайраткері, "Қара шаңырақ" жобасының құрылтайшысы Тұрар Сәттарқызы,  Мұстафа Шоқай ұрпақтары, Ұлттық музей, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, зерттеуші ғалымдар, білім беру саласының өкілдері қатысты.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер