Корей әншісі домбырада "Сыған серенадасын" өз тілінде орындап жұртты тәнті етті

2603
Adyrna.kz Telegram

Корей әншісі Соң Вон Саб Шәмші Қалдаяқовтың "Сыған серенадасын" орындап, жұртты сүйсіндірді, деп жазады "Адырна "тілшісі. Видео автордың ресми парақшасында жарияланды. 

Қазақша әндерге ковер нұсқа орындап қазақ аудиториясына танымал болып үлгерген корей әншісі Соң Вон Саб (Song Won Sub)  домбырада "Сыған серенадасын" орындады. Ұлттық аспап әншіге қазақстандық әнші Мирас Жүгінісовтың Алматыдағы үлкен концертінде қалың жұртшылық алдында сыйланған болатын.

Әншінің бұдан өзге танымал әндерді кәрісше ковер нұсқасын орындаған видеолары бірнеше қаралым жинап, әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсіндірген болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Songwonsub송원섭 (@songwonsub87)

Пікірлер