Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды

2965
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласында аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды. Кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында қала әкімі Ерболат Досаев басшыларды ұжыммен таныстырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев келді. 2022 жылдың тамыз айынан бастап ол қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарған еді.

Бостандық ауданының әкімі Санджар Алин болды. Тағайындалғанға дейін Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер