Қытайдағы күндер. Президент бүгін «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады

2785
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/eed2b8a1-8d42-47cf-a757-4dbdcb60a98e.jpeg
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үші Сиань қаласындағы Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.

Бұл ауқымды іс-шарада Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жаңа жоспары белгіленбек.

Еске сала кетейік, 17 мамырда Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытай Халық Республикасына барғанын жазған едік. Президент мемлекеттік сапар аясында 47 келісімге қол қойды. Сондай-ақ қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде құны 22 миллиард доллар болатын келісім-шарттар жасасты.
Комментарии