Алматы облысында мектеп оқушысының тәртіпсіздігі үшін ата-анасы жазаланды

2044
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында мектеп оқушысы өтіп бара жатқан көліктердің алдынан секіріп ойнап, ата-анасына айыппұл арқалатты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының экстремалды мінез-құлқы бейнеленген видео пайда болды. Онда орта мектеп оқушысының жүріп келе жатқан көліктердің алдына секіріп шыққанын байқауға болады.

Алматы облысының полиция департаменті жол жиегіне шығып келе жатқан көлікке қарай жүгірген оқушының жеке басын анықтағанын хабарлады. Ол КазЦик ауылындағы N6 мектептің оқушысы болып шықты.

"2010 жылы туған кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "Тәрбие және (немесе) оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді полиция.

Тәртіп сақшылары ата-ана баласының тәрбиесіне, оның ішінде жолда жүру ережелерін үйретуге қамқорлық жасау керектігін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер