Қазақ қызы Алуа Нұрманова жаһандық жарыстың финалында қытайлық әлем чемпионын "шаң қаптырды"

7637
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың 16 жастағы дарынды қызы, шаһмат майталманы Алуа Нұрманова жаһандық жарыста әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньді "шаң қаптырды". Өз ақылы мен терең ойшылдығының арқасында жаһандық Pro Chess League лигасында  толайым табысқа жетіп, өзінің Gotham Knights тобына жеңіс сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алуамен иық тіресіп, бір топта ойнаған гроссмейстер қатарында Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов сынды азаматтар бар.

Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің ең мықты ойыншылары топтастырылып, 16 команда өзара бақ сынады. Олардың сапында Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиана Каруана, Александр Грищук, Катерина Лагно сынды спортшылар бар.

Алуа сонымен қатар халықаралық гроссмейстерлер Адхибан Баскаранмен (Үндістан), Николас Теодорумен (Греция), Бенджамин Бокпен (Нидерланды) ой жарыстырып, өзара тең түсті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер