Президент мерейтойына орай ешқандай іс-шара болмайды - Тоқаевтың баспасөз хатшысы

2759
Adyrna.kz Telegram

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін әдеттегі жұмыс режимінде атап өтетінін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Мемлекет басшысының туған күнін қалай атап өтуге ниетті екендігі туралы сұрақтар келіп түсуде.

Осыған орай, осы орайда ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймын. Бұл – Президенттің принциптік ұстанымы.

Мемлекет басшысы 17 мамырды әдеттегідей өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, дәл осы күні оның Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, Қытайға сапар бағдарламасы аясында да туған күніне орай ешқандай іс-шара болмайды», - деді Желдібай.

Еске салайық, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер