Түркия. Президенттікке үміткерлер дауыс берген сандықтар ашылды. Көш бастаған кім?

4266
Adyrna.kz Telegram

Режеп Тайып Ердоған, Кемел Қылыштарұлы және Синан Оған дауыс берген бөлімшелердегі нәтижелер айшықталды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталының Түркиядағы меншікті тілшісі хабарлайды.

Түркияның қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған дауыс берген Үскідар Саффет орта мектебі, №3279-сандықтағы дауыстар саны есептелді. Ең жоғары дауыс жинаған - Ердоған. Оған 212, Кемел Қылыштарұлына 132, Синан Оғанға болса, 12 дауыс беруші сенім артқаны анықталды.

Саясаткер Кемел Қылыштарұлы дауыс берген Аржантин бастауыш сынып мектебіндегі №4221 сандық та ашылды. Нәтижесінде, 229 дауыспен Қылыштарұлы көш бастады. Ердоғанды қолдағандар саны - 90, ал Синан Оған есімінің тұсына 6 адам қол қойған.

Саясаткер Синан Оған Қожатепе Мимар Кемал Анадолы мектебінде дауыс берді. Бюллетендер топтастырылған сандықтың нөмірі - 1276. Дауыстарды санау барысында, Қылыштарұлы 278 дауыспен алға шықты. Режеп Тайып Ердоған - 36, Cинан Оған - 14.

Қазір Ыстамбұл мен Анкарадағы ашылған сандықтардағы нәтижелер де жарияланып жатыр. Қолда бар деректер төмендегідей:

Ыстамбұлдағы сайлау нәтижелері:

Ашылған сандықтар: 43,4%

Режеп Тайып Ердоған: 47,48%

Кемел Қылыштарұлы: 47,58%

Синан Оған: 4,53%

Анкарадағы сайлау нәтижелері:

Ашылған сандықтар: 41,74%

Режеп Тайып Ердоған: 50,11%

Кемел Қылыштарұлы: 42,73%

Синан Оган: 6.70%

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер