Махмұт Сабырхан чемпион. Қазақстан әнұранын үзіндісінен қалғанын көрермен өзі шырқады

2569
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

2023 жылғы бокстан әлем чемпионаты кезінде 54 келі салмақта бокстан Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанды. Оны марапаттау кезінде де әнұранның үзіндісінен кейін қалғанын көрермендер жалғастырып әкетті,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұдан алдын 48 келі салмақта 19 жастағы қазақстандық Санжар Тәшкенбай жеңімпаз атанған кезде де осыған ұқсас жағдай болған. Әнұраннан үзінді берілгенде қалғанын жиналған көрермен шырқап әкеткен.

Эпизод турнирдің тікелей трансляциясына түскен. Жанкүйерлер әнұран әуені жартысына келген кезде тоқтатылса да, толық орындауды жөн көрген.

Ұйымдастырушылар барлық елдің әнұрандарын қысқартып берген. Алайда, қазақ жанкүйерлерінің көптігі, бірауыздан әнұранды шырқай кетуі шетелдіктерді тәнті еткен.

 

Пікірлер