Түркиядағы сайлау. Екі дауыс берушінің сайлау үстінде қайтыс болғаны хабарланды

2664
Adyrna.kz Telegram

Түркиядағы сайлаудың тартысты тұстары әлеуметтік желіде тарап жатыр. Осыдан бір сағат бұрын сайлау бөлімшесінде екі адам қайтыс болды. Адырна ұлттық порталы сайлау барысындағы айрықша оқиғаларды топтап, оқырманға ұсынады. 

Бүгін, өкінішке қарай, Риза мен Трабзондағы сайлау учаскелерінде екі адамның жүрегі қысылып, инфаркттан қайтыс болды.

Ризаның "Жексенбі" ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде бақылаушы, 65 жасар Шереф Курттың хәлі нашарлап, қайтыс болды. Медицина қызметкерлері оған инфаркт диагнозын қойды.

Трабзондағы Ақшаабат ауданы, Деджик ауданының 75 жастағы Айсель Ұлысой туыстарымен бірге Деджик Чиркели мешітінің № 1093 сайлау учаскесінде дауыс беруге барған. Дауыс беру кабинасына кірген кезде кенеттен өзін нашар сезінген. Дауыс беруші ауруханаға апара жатқан кезде "аттанып кетті".

Оқиғаны тергеу жалғасып жатыр.

Ыстамбұл қаласы, Бақшалыүйлер ауданы, Қосасинан мектебінде сайлаушылар арасында төбелес болды. Әзірге жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары талас-тартыс себептерін анықтап жатыр.

Құзырлы мекемелер ресми жауап бермеді.

Ал Измир қаласы, Рақып Үзімші мектебінде AKP партиясының өкілдері бақылаушыларға қалам таратқаны үшін дауға қалды. Видеодан байқағандарыңыздар, ол өзге партия мүшелерінің қарсылығына ұшыраған.

Кония жұртшылығының Кемел Қылыштарұлының сайлауда жеңіске жетуін тілеп, ақсарбас шалғаны хабарланды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер