Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды

2749
Adyrna.kz Telegram

Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы  қалалық соттың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

10 мамр күні «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін Антикоррупциялық қызмет ол қандай қылмысқа қатысты ұсталғанын жария етті.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол «30 миллион доллар парамен» ұсталған. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Абылай Мырзахметов өткен жылдың ақпан айында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған.

Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы, «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы Қоғамдық консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер