Әлем чемпионаты. Қазақстанның бес боксшысы жартылай финалға шықты

3102
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен бокстан әлем біріншілігінде барлық ширек финалдық жекпе-жектер аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бес өкілі 2023 жылғы әлем чемпионатының финалдық сынына шығуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алдағы кездесулердің нәтижелеріне қарамастан, Қазақстанның бес былғары қолғап шебері кем дегенде қола жүлдеге кепілдік алды.

48 кг: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) - Эдмонд Худоян (Ресей)

54 кг: Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Йосвани Вейтия (Куба)

67 кг: Лаша Гурули (Грузия) - Дулат Бекбауов (Қазақстан)

71 келі: Нишант Дев (Үндістан) - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)

80 кг: Имам Хатаев (Ресей) - Нұрбек Оралбай (Қазақстан).

Жартылай финалда барлығы 18 елден 52 боксшы өнер көрсетеді. Осы кезеңдегі қатысушылар саны бойынша Қазақстан 5 боксшымен төртінші орында тұр. 

Ташкент рингіндегі 2023 жылғы әлем чемпионатының барлық жартылай финалы 12 мамырда өтеді.

Айта кетсек, соңғы жекпе-жек 14 мамырда өтеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер