"Шәкәрім шаңырағы шайқалуда!" Министр ректорды қызметтен алды. Оқытушылар қарсы шықты

2710
Adyrna.kz Telegram

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің басқарма Төрағасы–Ректоры Бауыржан Ердембековті қызметінен алу жайлы Жоғарғы білім және ғылым министрінің бұйрығына  оқытушылар қарсы шықты. Әлеуметтік желіде бір топ ұстаздар мен студенттердің видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желіде Шәкірім атындағы университет ұстаздары мен оқытушыларының үндеуі тарады. Олар оқу орнының ректоры Бауыржан Амангелдіұлы Ердембековті қызметінен алу жайлы Жоғарғы білім және ғылым миристрінің бұйрығына  оқытушылар қарсы шықты.

- Біз жаңа ғана Жоғарғы білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен таныстық. Ол бұйрықта университет ректоры Ердембековты орнынан босату жөнінде жазылған. Бұйрықты шығарарда неге сүйенілген? Сұрақтар көп. Ректорымыз небәрі екі жыл, үш ай қызмет жасаған кезде бұрынғы ондаған жылдар бойы атқарылмаған істерді атқарды. Университет жайнап-жарқырады. Шәкірім шаңырағы неге осындай бір эксперименттерге түсе береді, -дейді оқытушылар.

Олар ректордың қызметткен алынғаныа наразылық танытып жатыр. Дегенмен оқытушылардың үндеуіне қатысты министрлік тарапынан ресми жауап әзірге жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер