Ыстамбұл орталығында Тоқаевтың ФИФА басшысымен түскен суреті жарияланды

2431
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/1683873577777-1.jpeg
Ыстамбұл орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен түскен суреті пайда болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме көрсете отырып. Ыстамбұл орталығындағы жарнама экранында Қазақстан Президенті мен Халықаралық футбол федерациясы басшысының Астанада өткен кездесуде түсірілген суреті пайда болды.
"ФИФА Қазақстанда футболдың дамуына көмектеседі", - деп түрік тілінде жазба жазылған.
Еске салайық, 3 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино қазақстандық футболдың әлеуетін арттыру және жасөспірімдер спортын дамыту мәселелерін талқылаған болатын.

"Адырна"  ұлттық порталы 

Комментарии