Павлодарлық полицей 14 жастағы баланы өрттен алып шықты

2953
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында полиция капитаны Қуаныш Жаябаев өртеніп жатқан үйден жасөспірімді алып шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдай 10 мамыр күні болған.

«Оқиға орнына келген Қуаныш Жаябаев бірден отқа оранған үйге жүгіріп кіріп, бөлмелерді аралай бастаған. Іздестіру барысында бір бөлмеден 14 жастағы баланы тауып алады. Полиция қызметкері жасөспірімді көтеріп алып, үйден алып шығады. Жеткіншекті көршілерінің қолына бергеннен кейін жанып жатқан үйге қайта оралады. Осылайша ол басқа біреудің үйде қалып қоймағанын және ас үйде газ баллоны бар-жоғын тексереді. Содан кейін ғана нөлдік көріну жағдайында тәртіп сақшысы түтін мен отқа оранған үйден далаға шықты»,—деп жазды облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, Қуаныш Жаябаев Ішкі істер органдарында 2015 жылдан бастап қызмет етеді. Учаскелік полицей адамдарға көмек көрсетуді өзінің міндеті деп санайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер