Түркістанда 12 жасар қыз суға батып кетті

2518
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/aed0000a-48e0-4d7e-99a0-03b545bcd743.jpeg
Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында 12 жасар қыз «Ошақты» суармалы каналына құлап, қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түскі сағат бестер шамасында болған.
«Оқушы қыз ойнап жүріп абайсызда суға құлап кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімнің мәйіті оқиға орнынан 5 шақырым жерден табылды»,—деді Келес ауданының Төтенше жағдайлар департаменті.
Комментарии