Home » Жаңалықтар » Отанын қарумен қорғамаса да қаламмен қорғап жүрген жан

Отанын қарумен қорғамаса да қаламмен қорғап жүрген жан

Ол жан – Алматы қаласы  Бостандық  ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының идеологы Қарлығаш Мұсабекқызы.  Оның осы салада қызмет етіп келе жатқанына 10 жылдан асты.  Ол әскери қызметші болмаса да,  солармен бірге иық тіресіп,  Қарулы Күштері имиджінің  дамуына өз үлесін қосып келеді.  Он жыл аралығында Қарлығаш өзін іскерлік жағы мен бастамашылдығымен көрсете білді.  Әрбір атқарған ісі тиянақты және өзінің жұмысына аса ыждағаттылықпен жауапкершілікпен қарайды.  Он жылдан астам тәрбие және идеологиялық бөлімінде  қызмет атқара жүріп,  мемлекеттік тілдің дамуына,  әскери-патриоттық  тәрбиеге,  идеологиялық жұмыстардың  қарқындап дамуына  бар ынта-жігерін салып келеді. Қарлығаштың бастамашылдығымен  кез келген мемлекеттік органдармен өзара тығыз байланыс орнатып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен бағдарламаларының  жүзеге асыру үшін  дөңгелек үстелдер мен іс-шаралар ұйымдастырылды.  Әскери қызметші болмаса да сол өмірдің қиыны мен суығына төтеп беріп, нәзік те болса сынбауға тырысады. Сонымен қатар,   Қарлығаш осы саламен қатар шығармашылық  жұмыстармен айналысады. Өлеңдерді мәнерлеп оқу,  әңгіме жазуды әдетке айналдырған. Сонымен бірге,  әскери өмірдің тыныс-тіршілігін,  қызметін насихаттап үнемі қалам тербеп келеді.  Ол көбінесе  әлеуметтік,  әскери,  патриоттық тақырыпта  ой қозғайды.
Отанын қарумен қорғамаса да қаламмен қорғап,  патриоттық сезімнің дамуына атсалысып жүрген Қарлығашты “8 наурыз – Халықаралық әйелдер  күнімен” құттықтаймыз. Қаламы ұшталып,  көктемдей жайнап жүре берсін демекпіз.
                                                                                                Алматы қаласы Қорғаныс  істері жөніндегі департаменті

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“Әліппе” қайта келеді

⠀”Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені ...