Медеу мұз айдыны маңындағы өртті сөндіру кезінде төтенше жағдай қызметкері қаза тапты

3290
Adyrna.kz Telegram

Медеуде өршіген өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті, тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 1994 жылы туған қызметкері, ПЧ-7 аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Аслан Құрманбеков өрт сөндіру кезінде қаза тапқанын мәлімдеді.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оның өз саласының маманы ретіндегі жақсы естеліктеоі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста еңбекқорлығымен, әділдігімен және мамандығына деген сүйіспеншілігімен бағаланды», - деді ТЖД.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Арслан Құрманбеков 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдың 14 желтоқсанынан бастап жұмыс істейді. Марқұм болған өрт сөндірушінің отбасына Төтенше жағдайлар министрлігі жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер