Алматыда жаздың соңына дейін жүруге тыйым салынатын көшелер аталды

1701
Adyrna.kz Telegram

Алматыда екі көшенің учаскелерінде жаз бойы көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды "Адырна". 

«Алматы жылу желілері» компаниясы жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға байланысты 10 мамыр мен 30 тамыз аралығында қаланың екі ауданындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады.

Медеу ауданында Қазыбек би көшесінің бойымен (Уәлиханов көшесінен Абдуллина көшесіне дейін) қозғалыс жабылады. Бостандық ауданында Ганди көшесінің бойымен Батыс Желтоқсан көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.

Жолдардың жабылуы осы көше учаскелерінің жүріс бөлігімен өтетін құбырларды қайта құру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Бұл аудандарда орналасқан үйлерге ыстық су басқа схемалар бойынша беріледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер