Азаматхан Әміртай өзін "Байтақ" партиясы қатарынан шығарып жібергені туралы ақпаратты қара пиарға балады

2796
Adyrna.kz Telegram

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай өзіне қатысты тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Оның хабарлауынша, өзін ешкім де "Байтақ" партиясының қатарынан шығарып жіберген жоқ, мұның жай ғана қара пиар екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме көрсете отырып. 

"Ешқандай да шындыққа жанаспайды. Ниеті терістердің жазып жүргені. Қара пиар да пиардың бір түрі. Біздің арнайы жарғы бар, барлық партия мүшелері мені Төраға ретінде қабылдайды, тек Төрағаның ғана мұндай құқы бар. Бұл оңай процедура емес. Біз қазір, керісінше, адамдарды қабылдаймыз. Соңғы аптада біз партияның 2 мың жаңа мүшесін қабылдадық. Мен бүкіл Қазақстанды аралап, белсенділермен кездесіп, экологиялық жобаларымызды іске қосамын. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр", - деді Азаматхан Әміртай.

Еске сала кетейік,  «Байтақ» партиясы наурызда өткен сайлау нәтижесі бойынша шектік дауыс жинай алмай, Мәжіліске өте алмады. Бұған дейін әлеуметтік желіде 45 жастағы Азаматхан Әміртай жасылдар партиясының басшысы қызметінен алынып, "Байтақ"партиясының құрамынан шығарылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер